Елордада сот тәжірибесінің мониторингі жөніндегі республикалық эксперттік комиссияның бірінші отырысы өтті

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімовтің төрағалығымен сот тәжірибесінің мониторингі жөніндегі республикалық эксперттік комиссияның бірінші отырысы өтті.
None
None

Алқалы жиын барысында комиссия мүшелері қазіргі таңда қазақстандық қоғамның мемлекетке және оның органдарына деген сенімнің нығаю үрдісі көбіне сот жүйесіндегі сот әділдігіне байланысты болатындығын білетіндіктерін атап өтті. Олардың пайымынша, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттің имиджіне оң әсерін беруде. Дегенмен, сот жүйесінде шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті.

Мәселен, 2009-2010 жылдары аралығында соттардың жемқорлығына байланысты 11 қылмыстық іс қозғалған. Ал ағымдағы жылы заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін Жоғарғы соттың 6 судьясы лауазымынан босатылды.

Мұндай жағдай сот қызметі ашықтығының және олардың қызметіне қоғамдық бақылау жүргізудің тиімді тетіктерінің болмауынан қалыптасып отыр.

Айта кетейік, аталған комиссияның құрамына «Әділет» партиясының, «Атамекен» палатасының, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалым-заңгерлер және ҚР Жоғарғы сотының отставкадағы судьялары кіреді.

Соңғы жаңалықтар