Елордада Спорт күніне арналып журналистер арасында спартакиада өткізіледі

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Жексенбі күні, тамыздың 15-інде Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда ҚР Спорт күніне арналып бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арасында спартакиада өткізіледі. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрінің баспасөз хатшысы Анар Құсайынова хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, топтық жарыстарға қатысуға елордалық БАҚ-тың түрлі редакциялары ниет білдіріп отыр. Іс-шара аясында журналистер футбол, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны сынды бәсекелерде бақ сынап, секіртпеде секіріп, қапшықпен шеңбер ішінде айнала жүгіруден сайысқа түседі.

«Биылғы жылы ведомстволық спартакиадалар қарқын алып отыр. Олардың ішінде жоғары рейтингіге шағын футбол мен «тоғыз құмалақ» жарыстары ие болуда. Айта кетер жәйт, биылғы жылы осы спорт түрінен әлем чемпионаты өткізіледі, сондықтан да журналистер оның ережелерін өздері үйренсе деген ниеттеміз», - деді А.Құсайынова.

Жалпы, министрліктің баспасөз хатшысының хабарлауынша, спартакиадаға Астананың түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан 24 команда қатысады.

Соңғы жаңалықтар