Елордада «Студенттік көктем ? 2009» фестивалі аяқталды

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада «Студенттік көктем – 2009» Х қалалық фестивалі мәреге жетті.
None
None
Жоғары оқу орындары арасындағы бас Кубокты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бір жетіге созылған фестиваль кеше Конгресс-Холл сарайында өткен Көңілділер мен тапқырлар ойындарымен аяқталды. Оның нәтижесі бойынша ең белсенді білім ордалары анықталды. «Студенттік көктем ? 2009 - ең үздік жоғары оқу орны» аталымында - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Студенттік көктем ? 2009 - ең үздік арнаулы оқу орны» аталымында - Гуманитарлық колледж танылды. Жеңімпаздарға фестивальдың бас Кубоктарын «Жастар ортасында қазақ тілін дамыту» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ринат Жүнісов табыс етті. Биыл «Студенттік көктем» фестивалі аясында 15 іс-шара өткізілді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оның барлығына да белсенді атсалысып, әртүрлі бағыттағы байқаулардың бас жүлделерін иемденді. Сонымен қатар қазылар алқасы астаналық студент жастардың басын біріктіретін, оларға елін, тілі мен халқын құрметтеуге үйрететін шараларды ұйымдастыру белсенділігін де бағалады. Аграрлық университет - қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуге арналған «Алтыбақан» байқауының бас жүлде иегері, «Ел болашағы» атты патриоттық әндер және «Жігіт сұлтаны» байқауларының жеңімпаздары. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге арнап түсірілген бейнероликтер байқауында аталмыш университеттің Психикалық жүйке ауруларына шалдыққан балаларды емдейтін орталық туралы түсірген шағын фильмі үздік деп танылды. Фестивальды ұйымдастырғандар - Астана қаласы Ішкі саясат департаменті, Астана қаласы Жастар және балалар ұйымдары қауымдастығы мен «Жастар ортасында қазақ тілін дамыту» қоғамдық бірлестігі және «Жас Отан» жастар қанаты.
Соңғы жаңалықтар