Елордада студенттің БМВ -Х6 көлігін ұрлаған күдіктілер құрықталды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Елордада ЖОО-лардың бірінде оқитын студенттің БМВ -Х6 көлігін ұрлаған күдіктілер құрықталды.

Елордада  студенттің БМВ -Х6 көлігін ұрлаған күдіктілер құрықталды

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның атап өтуінше, 28 қазанда түнгі сағат екілер шамасында Астана қалалық ІІД Орталық жедел басқармасына елордадағы ЖОО-лардың бірінің студенті, 1989 жылғы «И» есімді азаматшадан Желтоқсан көшесінде орналасқан үйіне кіреберісте белгісіз 2 азаматтың күш қолданып, БМВ -Х6 көлігін және ұялы телефонын тартып алғандығы жайында ақпарат түскен.

«Зардап шегушінің айтуынша, ол үйіне шамамен түнгі 01,50-де келген. Көлігін автотұраққа қойып, үйіне кіреберісте желке тұсына тиген соққыдан есінен танып құлаған. Есін жиған кезде көлігін ұрлап бара жатқан шамамен 23-28 жастағы 2 азаматты байқаған. Осыдан кейін үйіне кірген ол жедел полицияға хабар берген», - деді Н.Ораз.

Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысы бар бар күдіктілер ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулау орнына қамалды.