Елордада су добынан Қазақстан чемпионаты өтуде

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада 1996-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан чемпионаты өтуде. Жеткіншек қатысушылар арасындығы ұлттық біріншіліктің бірінші ойыны «Қазақстан» спорт сарайы бассейнінде өтті.

Елордада су добынан Қазақстан чемпионаты өтуде

Астана қаласының сайты туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, алғашқы болып тартысқа Алматы мен Астана қалаларының («Астана» СК бірінші құрамы) ойыншылар командасы түсті. Айдын иелері қарсыластарынан басым түсіп, оларды 9:17 есебімен тізе бүктірді.

Екінші ойында «Астана-3» СК командасы Тараз қаласының № 4 спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен күш сынасты. Тараздықтар өздерінің тәжірибесі кем қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Оларды 30:1 есебімен ойсырата жеңді. .

Үшінші ойында екі елордалық команда тартысқа түсті. Олар - «Астана» СК екінші және төртінші құрамалары болатын. Алғашқысы басымырақ болып, 19:8 есебімен ойынды тәмамдады.

Қорытынды кездесуде «Астана-3» командасы Алматының спорт мектебі командасымен ойнады. Бұл жолы алматылықтар бассейн иелерінен айлаларын асырып бақты. Есеп - 5:8.

«Жарыс 18 желтоқсанға дейін жалғасады. Ойынға енді ересек жігіттер мен қыздар араласады», - делінген хабарламада.