Елордада су құбыры жарылып, бірқатар тұрғын үй сусыз қалды
АНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада су құбыры жарылып, бірқатар тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға Сейфуллин мен Әуезов көшелерінің қиылысында орын алған. Тозығы жеткен 150 мм-лік су құбыры жарылып, соның салдарынан Әуезов көшесі бойындағы № 34, 19, 21, 23, ал Сейфуллин бойындағы 29, 27/2 үйлер сусыз қалған. Дегенмен сол күні кешкі сағат 18:15-те су құбыры толығымен қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстарына «Астана су арнасы» МКК-ның 10 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.