Елордада су құбырындағы апаттың салдары жойылды
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Елордада су құбырындағы апаттың салдары жойылып, тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету жұмысы жанданды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні сағат 16.15-те елордалық циркке қарама-қарсы Қабанбай батыр даңғылының бойында құбыр желісін төсеу кезінде диаметрі 600 мм су құбыры зақымданған болатын. Нәтижесінде Шұбар ықшамауданы мен Комсомол кентінде бірнеше көпқабатты үйлер мен жекеменшік үйлердің тұтынушылары сусыз қалған еді.