12:06, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Елордада су құбырының жарылуынан бірнеше көп қабатты және жеке сектордағы үйлердің тұрғындары сусыз қалды
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. КазАқпарат - Елордада су құбырының жарылуынан бірнеше көп қабатты және жеке сектордағы үйлердің тұрғындары сусыз қалды,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Диаметрі 250 мм болатын құбырдың жарылуы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сәрсенбі күні сағат 22.30-да орын алған. Апатты жоюға 15 адамнан және 9 техникадан тұратын бригада тартылды.