12:45, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Елордада суретші Ермұрат Ерхасанның «Тәуелсіздік жылнамасы» атты дербес көрмесі ашылады
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында танымал қазақстандық суретші,

Иран Ислам Респуликасы Шеберлер одағының мүшесі Ермұрат Ерхасанның «Тәуелсіздік жылнамасы» атты дербес көрмесі ашылады.
Көрмені танымал музыка зерттеушісі Юрий Аравин жүргізіп, скрипка шебері Жәмила Серкебаева музыкамен әрлейді. Көрме қарашаның 26-на дейін жұмыс істейді.
ҚазАқпарат анықтамасы: Е.Ерхасан Алматы қаласында суретшілер отбасында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы университетті бітірген. 1997 жылы Ә.Қастеев атындағы мұражайда ұйымдастырылған аймақтық көрмеге, 1998 жылы «Жігер» жас суретшілер көрмесіне, 2002 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Қазақстанның қазіргі заманғы өнері» атты көрмеге қатысқан.