Елордада суретші Қ. Ахметжанның «Көңіл айнасы» атты жеке көрмесі ашылды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында суретші Қалиолла Ахметжанның «Көңіл айнасы» атты жеке көрмесі ашылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

           Көрмеде қылқалам шеберінің 1979-2009 жылдары салынған 100-ден астам туындылары қойылған. Онда картиналар, кітап безендірудегі графикалық парақтары және дәстүрлі қазақ қару-жарақтарының жаңғыртулары бар.

           Қ. Ахметжаннның көркемсурет шеберлігі өзіндік даралықпен ерекшеленеді, басқа суретшілерден айырықша тың тәсіл тапқан. Туындылар төменгі түс қабатының үстіне бөлек түсті дақтарды салу арқылы дүниеге келеді. Бұл тәсілді суретші Қ. Ахметжанның өзі «Құлпырған көркемсурет» немесе «Құлпырған жазу» деп атайды.

            Бір айға жалғасатын көрме суретші Қалиолла Ахметжанның 60 жасқа толуына орай және Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне арналады.

            Қ. Ахметжан 1977 жылы Санкт-Петерборда КСРО Көркемсурет академиясының И. Репин атындағы Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Көптеген қалалық, республикалық көрмелерден бөлек, Чехословакия, Оңтүстік Корея, Германия, Эфиопия, АҚШ, Түркия сияқты шет мемлекеттердегі көрмелерге қатысты.

            Қ.Ахметжан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет қайраткері. Оның туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Орталық мұражайының, ҚР Президенттік мәдениет орталығының, ҚР Тұңғыш Президентінің және Семейдегі Невзоровтар атындағы өнер мұражайларының, Кутаисидегі Сурет галереясының (Грузия) қорларында сақтаулы. Туындылары Англия, Пәкістан, Франция, Германия, Жапония, Швеция, АҚШ және Қазақстанда жеке коллекцияларда бар.

Соңғы жаңалықтар