Елордада суретші Мұхтар Байбосынның «Туған жерім - алтын бесігім» атты жеке көрмесі ашылады

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 10-ында елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында суретші Мұхтар Байбосынның «Туған жерім - алтын бесігім»  атты жеке көрмесі ашылады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталықтық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халқымыздың ұлттық дәстүрі мен бет-бейнесін айшықтайтын пейзаждар, натюрморттар мен тақырыптық композициялар орын алған суретшінің бұл көрмесі Тәуелсіздіктің 18 жылдығына арналған. Аталған көрмеде қылқалам шеберінің 40 туындысы жұртшылық назарына ұсынылмақ. Оның ішінде Қазақстанның табиғаты, салт-дәстүрі жайлы көрікті ойларды тоғыстырған шығармалары бар.

Бүгінгі таңда Қазақстанның мұражай қорларында, жеке коллекцияларда еңбектері сақталған қылқалам шеберінің көрмесі қаңтардың 10-ына дейін жалғасады.

Мұхтар  Байбосын 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Дипломдық жұмысын «Ақан серi - Ақтоқты» тақырыбында сәтті қорғаған. Еңбек жолын қалалық кәсіпорында суретші-безендіруші болып бастаған ол бірқатар жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметпен айналысқан. 2009 жылдан бері елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дизайн факультетінде ұстаздық қызмет атқарады.  Сондай-ақ №1 Өнер мектебінде сурет және кескіндеме пәні бойынша жас ұрпақты өнерге баулуда.

Соңғы жаңалықтар