Елордада суық күн райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8-9 маусымда Астанада топырақ беті 0-ден 2 градусқа дейін суытады, ауа температурасы күндіз +14+16°С болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Елордада суық күн райы сақталады

Синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. 9 маусымда күн жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 18 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +21+23°С көтеріледі, түнде +4+6°С болады. 10 маусымда күн айтарлықтай жылынады, сынап бағанасы +26+28°С көрсетеді. Күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді.