Елордада тағы бір көз тартар жаңа мурал пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Алматы ауданындағы тұрғын үйдің қасбетінде жаңа мурал көрініс тапты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада тағы бір көз тартар жаңа мурал пайда болды
Фото: Астана әкімдігі

Елорданың Алматы ауданында Абылай хан даңғылы, 55-мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің қасбетін жаңа мурал безендірді.

Елордада тағы бір көз тартар жаңа мурал пайда болды
Фото: Астана әкімдігі

— Муралды салу жұмысы толық аяқталды. Онда алма бағында тұрған қыз бейнеленген. Қанық түстер мен жұмсақ сызықтар үй айналасындағы жасыл желекпен үйлесіп, жайлы көрініс қалыптастырған, — делінген хабарламада.

Елордада тағы бір көз тартар жаңа мурал пайда болды
Фото: Астана әкімдігі

Жарқын арт-кеңістік қалалық ортаның жаңа элементіне айналып, көшенің қалыптасқан келбетін өзгертіп, ауданға заманауи визуалды реңк қосты.

Бұған дейін бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналғанын жазған едік.