Елордада тағы бір көше жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бейсекбаев көшесі бойында бір күнге көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы .
None
None

«Инженерлік желілерді салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бейсекбаев көшесіндегі Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақта 15 шілде сағат 08:00-ден 16 шілде 08:00-ге дейін толығымен көлік қозғалысына шектеу қойылады», делінген хабарламада. 

Қалалық ІІД-і қала тұрғындары мен қонақтарына елорда көшелерінде кептеліс жағдайларына тап болмас үшін алдын ала бағыттарын белгілеп алуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар