Елордада тағы бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Қабанбай батыр даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты № 10, 12, 314 автобус бағдарларының қалаға қарай бағытындағы қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада тағы бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, № 51 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалған.№10, 12 бағдарлар қалаға жүретін бағытында «Пригородный» тұрғын алабына кірмей кетеді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.