Елордада тағы бірнеше қоғамдық көліктің бағдары өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тағы да бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгізілді, еп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада тағы бірнеше қоғамдық көліктің бағдары өзгерді

«Мәңгілік ел даңғылы бойымен Керей Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 15, 15А, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп мәлімдеді «City Transportation Systems» ЖШС.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен танысуға болады.