17:40, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Елордада «Таңат» журналистер клубы ашылды
денің 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Жариа» қоғамдық бірлестігі жанынан «Таңат» мамандандырылған журналистер клубы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған клубта астаналық журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында қазақ, ағылшын тілдері бойынша арнайы сабақтар тегін ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тренингтер өткізу жоспарланып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, клуб қызметінің басты мақсаты - астаналық журналистердің кәсіби деңгейін көтеру.
«Таңат» журналистер клубының негізін салушылар - «Экслент Арина» ағылшын тілі орталығы, «Медиалайф» қоғамдық қоры, «Нұрайым» орталығы және «Жариа» қоғамдық бірлестігі.