Елордада тарифтік сметаларға байланысты жұртшылық тыңдауы өтті

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Табиғи монополияларды  реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-і мен «Қалалық электр желілері» АҚ-ының 2008 жылғы тарифтік сметаларының орындалуы бойынша жұртшылық тыңдауы өтті,

Елордада тарифтік сметаларға байланысты жұртшылық тыңдауы өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кететін жайт, бүгінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-і жылу энергиясы бойынша тұтынушыларға қайта есептеу жолымен 33 миллионға жуық теңге мөлшеріндегі келтірілген шығынды тікелей өтейді. Осы қайта есептеуді тұтынушылар биылғы жылдың қазан айындағы түбіртектерінде көре алады.