Елордада «Тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр
АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап 27 тамызды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында елордада «Тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр,
деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Іс-шараның негізі бағыты есепте тұрған жасөспірімдер арасында көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ көші-қонды қатаң бақылауға алу.
Жедел-алдын алу шарасы кезінде алға қойған мақсатты орындау үшін елордалық гарнизонның және 5570 әскери бөлімінің барлық бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы тартылды.