Елордада Татарстанның мәдени күндері басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Татарстанның мәдени күндері ресми басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті ханымдар мен мырзалар, бүгін Астанада үлкен мейрам. Өздеріңізде білетіндей, елордамызда Татарстанның мәдени күндері басталды. Татарстан терең əрі үлкен тарихы бар республика саналады. Біздің халықтарымыз тарихи жене туыстық тамырластығы бар. Мен Татарстанның мәдени күндерін ашық деп жарияланғаныма қуаныштымын», - деді Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.
Айта кетерлігі Татарстанның мәдени күндерінің ашылуы аясында Татарстан Республикасының мемлекеттік əн жəне би ансамблінің қатысуымен концерт өтті. Сахнадан татар жəне қазақ əндері шырқалды.