Елордада тауарлар бойынша үшінші тоқсанда біршама өсім болды

Оның сөзіне қарағанда, статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері қала бойынша тауарлардың бөлек түрлеріне жалпы 10 пайызға жуық өсім байқалды. Әлеуметтік маңыздағы тауарларға орташа алғанда бес пайызға жоғарылады. Қазақстан Үкіметі әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларына бөлшек бағаларды бекіткен шекті мәнмен салыстырғанда, Астана бойынша биылғы үшінші тоқсанда 18 позицияда біршама өсім байқалып, олар 5- тен 10 пайызға дейін ауытқу болды. Қалған өнімдердің 15-тен астам түрі бойынша бағаның артуы орын алған жоқ.
«Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдерінің бөлек түрлеріне бағаның артуына ұлттық валютаның еркін бағамға ауысуына баланысты өндірушілердің босату бағасының өсуі негіз болды. Сонымен бірге шикізатқа, қаптау материалдарына, импорттық тағамдық қоспаларға бағаның артуы факторы ықпал етті. Ал жеміс-жидек, көкөніс, сүт және ет өнімдеріне бағаның динамикасы маусымдық мәнге ие», - деді әкім орынбасары.