Елордада тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мәселесіне байланысты қалалық кәсіпкерлермен отырыс өтеді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2011 жылдың 12 қазанында Астана қалалық кеденінде «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мәселесіне байланысты қалалық кәсіпкерлермен отырыс өтеді,

Елордада тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мәселесіне байланысты қалалық кәсіпкерлермен отырыс өтеді

деп хабарлайды Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, арнайы экономикалық аймақ Есілдің сол жағалауын қарқынды дамыту мен инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Президентінің 2001 жылдың 29 маусымындағы нұсқауымен құрылған. Бүгінгі таңда осы аймақта Үкімет үйі, Жоғарғы соттың әкімшілік ғимараты, «Хан-Шатыр» ойын-сауда кешені, "Бейжің сарайы" бизнес орталығы сияқты елеулі құрылыс объектілері қолданысқа берілген. Осы күні арнайы экономикалық аймақ көлемі 2011 жылдың 6 мамырынан 5900,9-дан 7092,9 га ұлғайған. Аймақ құрылғалы бері 30 мың жүк кедендік декларациясы тіркеліп, аталмыш режимде 14 млн. тонна құрылыс материалдары мен құрылғылар әкелінді. Жыл басынан аймақта 1 мың 467 тауарға декларация ресімделді.