Елордада Тәуелсіздік көшесіндегі өткел жартылай ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елордада Ұлы Дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі Тәуелсіздік көшесінің (№38) бөлігі салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Тәуелсіздік көшесіндегі өткел жартылай ашылды

Тәуелсіздік көшесіндегі осы учаскеде жол өткелінің ашылуы көлік қозғалысын жақсартуға және қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Нысанды толығымен аяқтау, оның ішінде көшенің барлық учаскесінде жол жүруді қамтамасыз ету осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.