Елордада тәулігіне 70-80 нәресте дүниеге келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада тәулігіне 70-80 нәресте дүниеге келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина айтты.
None
None

«Астанада туу деңгейі күн сайын артып келеді. Мәселен, елордада тәулігіне 70-80 нәресте дүние есігін ашады. Бірақ, бүгінгі таңда, әсіресе, Астана мен Алматы қалаларында балабақшалардағы орын ташылығы анық байқалып отыр әрі өзекті проблемаға айналған. Сол себепті «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдар құрылысына Ұлттық қордан бюджет қаржысы есебінен 20 млрд. теңге бөлінді», - деді Ә.Бимендина.

Осы ретте ол депутаттардың Үкіметке балабақшаға арналған ғимаратты бірнеше қабат түрінде салу туралы ұсыныспен шыққанын атап өтті.

«Мектепке дейінгі білім беру мәселесін қараған Парламент депутаттары орын тапшылығы анық байқалып отырған өңірлерде балабақша салу ісіне баса назар аударды. Яғни, балабақшалардың жобалық уақытын 500 орынға дейін арттыру қажет. Меніңше, бұл проблеманы шешудің бір жолы бола алар еді», - деді халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар