Елордада темір жол тұйығында электровоз монтерді басып кетті

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Елордада темір жол тұйығында электровоз монтерді басып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Елордада  темір жол тұйығында электровоз монтерді басып кетті

Ведомствоның атап өтуінше, кеше күндіз елорданың Төңкеріс стансасының темір жол тұйығында «Темір жол жөндеу» АҚ филиалының 23 жастағы монтерін электровоз басып кетті. Төтенше оқиға салдарынан ауыр жарақат алған жігіт оқиға орнында қаза тапты.