18:22, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елордада «Темірқазық» пікірсайыс клубының кезекті отырысы өтті
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Қазақстан кәсіподақтары федерациясы ғимаратында «Темірқазық» пікірсайыс клубының «Қазақтар және мұсылмандылық» тақырыбында кезекті отырысы өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш басқосуда «Руханият» мұсылман университетінің профессоры Мұрат қажы Мыңбаев баяндама жасады. «Соңғы жылдары әртүрлі ой-пікірлер айтылып келеді. Ислам діні - араб діні, ал қазақ тәңірлік дінді ұстанған деп жатады. Біз теолог ретінде дінге ғылыми түрде қарағанда, Алланың алдында бір ғана дін бар, бір ғана жол бар, бұл құлшылық діні, жолы дейміз. Бұл сөз «сиыну», ал арабша ? «ислам» деген мағынаны білдіреді. Бүгін біз аталмыш мәселеге қатысты осы отырыста ой-пікірлерімізді ортаға салып, біраз сауалдарға жауап аламыз деп ойлаймын», - деп атап өтті Мұрат қажы.