Елордада теннистен халықаралық турнир мәресіне жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада теннистен кезекті ITF J3 Nur-Sultan Open ITF халықаралық бәсекесі аяқталды, деп хабсрлайды ҚазАқпарат оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыздар арасында қос ресейлік теннисші финалда жолықты. Нәтижесінде, Барташевич Ярослава бірінші, Кира Павлова екінші орын алды.
Ал ұлдар арасында Игорь Кудряшов (Ресей) пен Николай Банков (Беларуссия) алтын жүлдені сарапқа салды. Қорытындысында ресейлік Игорь Кудряшов басым түсіп, жеңімпаз атанды. Беларустық Николай Банков «күмісті» місе тұтты.