Елордада төбесіне металл конструкция құлаған әйел ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады. Зардап шеккен әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада төбесіне металл конструкция құлаған әйел ауруханаға түсті

«Аталған оқиға бойынша Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көптеген жарақаты бар, оның ішінде ми жарақаты бар науқастың №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлайды. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды. Әйелге жедел түрде ота жасалды, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарманың хабарлауынша, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Науқас медицина қызметкерлерінің бақылауында.