09:10, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елордада төрт адам хлорға уланып қалды, олардың екеуі ? бала
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Бүгін түнде елордадағы жатақханалардың бірінде төрт адам хлор буына уланып қалды, зардап шеккендердің екеуі – бала,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға Самарқанд көшесіндегі жатақханада «сырлау жұмыстарын жүргізу барысында» орын алған. Оқиға салдарынан 77 және 34 жастағы екі әйел, 6 және 2 жастағы екі бала ауруханаға түсті.