Елордада төрт көлік соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 22 ақпан күні сағат 19:22 шамасында «Hyundai» маркалы көліктің 31 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып бағдаршамның тыйым салған түсіне өтіп кеткен.

Елордада төрт көлік соқтығысты

Нәтижесінде ол «Subaru XV» көлігімен соқтығысты. Ал «Subaru XV» инерциямен «Subaru Legacy» және «Chevrolet Malibu» көліктерін соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт азамат зардап шекті. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Елорда аумағында бір тәулікте 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда аса қырағы болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауын сұрайды.