04:21, 06 Мамыр 2020 | GMT +5
Елордада төрт көше 25 мамырға дейін жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада төрт көшедегі көлік қозғалысы 25 мамырға дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірнеше көшені орташа жөндеуді жоспарлаған.
«Конституция көшесінде – Қарталы көшесінен І.Есенберлин көшесіне дейінгі аумақта; Ы.Дүкенұлы көшесінде – Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта; Мәскеу көшесінде – Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі аумақта; Таха Хусейн көшесінде – Ж.Тәшенов көшесінен Кравцова көшесіне дейінгі аумақта автокөлік қозғалысы ішінара жабылады», – делінген басқарма хабарламасында.
Жүргізушілерге кептелісті болдырмау үшін бағдарын алдын ала жоспарлауы керек.