Елордада «Травмотология мен ортопедия саласындағы жетістіктер» атты ортопед-травмотологтардың халықаралық конференциясы өтеді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 13-14 қазанда елордада «Травмотология мен ортопедия саласындағы жетістіктер» атты ортопед-травмотологтардың халықаралық конференциясы өтеді.

Елордада «Травмотология мен ортопедия саласындағы жетістіктер» атты ортопед-травмотологтардың халықаралық конференциясы өтеді

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, конференцияның бағдарламасына сәйкес, жиын барысында травматолгия мен ортопедия салаларында заманға сай жоғары технологиялар мен инновацияларды қолдану, жарақаттың алдын алу сияқты мәселелер қаралады. Сонымен қатар, аталмыш шарада Қазақстан үшін өзекті саналатын елден шалғай жатқан аймақтарды арнайы медициналық көмекпен қамтамасыз ету шарасы да ортаға салынады. Медицина мамандары аталмыш басқосуда балалар ортопедиясы мен травмотологиясы мен ондағы қиындықтармен байланысты жайттарды талқыламақ.

Жиынға Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Германия, Австрия, Қытай, Түркия, Польша сияқты мемлекеттерден 100-ден астам мамандар қатысады деп күтілуде.