Елордада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырауға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырауға тыйым салынады

Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады.

«Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, елімізде соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылады.