Елордада түнде жүретін автобустар іске қосыла ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев қалада түнде жүретін автобус бағдарлары тиімсіз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз City Transportation Systems көлік компаниясымен, көлік басқармасымен бірлесе автобус бағдарларына қатысты мәселелерді пысықтаймыз. Бұл тұрғыда автобус паркі қызмет көрсететін барлық бағдарды, сондай-ақ жолаушылар ағынын қарастырамыз. Қазіргі кезде түнгі автобустарды іске қосу тиімді болмайды деп санаймыз. Өйткені олар пайда әкелмейді, жолаушылар аз болады. Мұндай түнгі автобустар бізді шығынға батырады», - деді М. Шақаев Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, 2017 жылы елордада жолаушылардың аз болуына қатысты түнгі экспресс-бағдарлардың жұмысы тоқтап қалған еді.

Айта кетейік, қалада 6 автобус паркі қызмет көрсетіп жатыр. Күн сайын елорда көшелерінде 850-ден астам автобус жүреді. «№1 Автобус паркі» елорданың бүкіл маршруттық желісінің шамамен 70 пайызын қамтиды, яғни 38 қалалық бағдарға және 28 қала маңындағы (100%) бағдарға қызмет көрсетіп келеді.

Елордада автобустар қозғалысының уақыт аралығы 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқартылмақ.

Медет Шақаев Астанада автобусқа отыратын жолаушылардың жартысы жол ақысын төлемейтінін айтты.


Соңғы жаңалықтар