Елордада Тұңғыш Президенттің тұңғыш кітапханасы салынып жатыр - М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -   Елордада Тұңғыш Президенттің тұңғыш кітапханасының құрылысы жүріп жатыр.

Елордада Тұңғыш Президенттің тұңғыш кітапханасы салынып жатыр - М. Құл-Мұхаммед

 Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед елордадағы Президенттік мәдениет орталығында болып, оның ұжымына жаңадан құрылған «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаевты таныстыру барысында осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда елордада Тұңғыш Президенттің тұңғыш кітапханасының құрылысы зор қарқынмен жүріп жатыр. Бұл еліміздегі аса ауқымды нысанның бірі. Мәселен, біздің орталық мұражайымыздың көлемі 8 мың шаршы метр болатын болса, жаңа құрылыс нысанының көлемі 32 мың шаршы метрді құрап отыр. Яғни жаңа кітапхананың ауқымы орталық мұрағаттан 4 есе артық», - дейді М. Құл-Мұхаммед. 

Оның айтуынша, жаңадан құрылған «Назарбаев орталығы» Президенттік мәдениет орталығы мен Елбасының жаңа кітапханасының басын қосатын болады.