Елордада Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. 

Елордада Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қозғалыс 28-30 шілде аралығында ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.