Елордада Тұран даңғылы-Қорғалжын тасжолы қиылысы ішінара жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Елордада Тұран даңғылы Қорғалжын тасжолының қиылысында орташа дәрежедегі жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 қазанда бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада Тұран даңғылы-Қорғалжын тасжолы қиылысы ішінара жабылады

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауы керек.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.