Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Астанада Кенесары көшесіндегі «Эдем палас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, оқиға салдарынан 10 адам иіс тиіп уланып қалды,
None
None
олардың бесеуі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиғаға үйдің 5-ші кіреберісінде 4-ші мен 19-шы қабаттың арасындағы кабельдік шахтада электрокабельдің өртенуі себеп болған. Өрт салдарынан екі ер азамат, екі әйел және 5 бала орта деңгейде иіс тиіп уланған. Тағы бір ер азамат жеңіл уланған, ол алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Өрт сөндірушілер осы оқиғаға байланысты 50 тұрғынды көшірді. Өртті ауыздықтауға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі: 45 адам мен 10 техника жұмылдырылды.
Соңғы жаңалықтар