Елордада тұрғындардың көліктерін тартып алып жүрген қылмыстық топ қолға түсті

Биылғы жылдың 4-ші наурызында Пушкин көшесінің бойында белгісіз адамдардың күш қолдана отырып, өзінің «Toyota Corolla» көлігін алып кеткендігі жөнінде Ж. атты азамат шағымданған болатын.
Полиция қызметкерлері тарапынан қолға алынған шұғыл әрекет ету шараларының нәтижесінде және жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 30 жастағы 3 тұрғынын күдікті ретінде ұстады және оларды қолға түсірген жерден «Toyota Corolla» маркалы автокөлігі тауып, тәркілегенді.
Сонымен қатар, аталған топтың ағымдағы жылдың ақпан айының соңында орын алған осыған ұқсас қылмысты жасағаны анықталған. Ішкі істер департаментіне Астана қаласының тұрғыны белгісіз тұлғалардың Алпамыс батыр көшесінің бойындағы үйдің жанында күш қолдану арқылы «Toyota Camry» маркалы автокөлігін алып кеткендігіне шағымданған.