Елордада туризм және спорт нысандарының саны артып келеді
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат -Елордада туризм және спорт нысандары көбеюде. 2012 жылы туризм және спорт нысандарының жобалары жергілікті бюджет есебінен іске асырылды.
Бұл туралы Астана қаласының Құрылыс басқармасынан хабарлады.
Атап айтқанда, былтырғы жылы №41 жалпы білім беретін мектепте спорт алаңы салынған. Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайына жапсарлас мұз айдынын, Астана қаласында теннис кешенін, №32 жалпы білім беретін мектепте хоккей алаңын салуға қаржы бөлініп, толықтай игерілген.
«Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайсар» спорт клубының және теннис кешеніне жапсарлас салынатын ғимараттың құрылысын жобалау басталды», - делінген хабарламада.