Елордада «Тұрмыс» алдын алу шарасы аясында 700-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Елордада «Тұрмыс» алдын алу шарасы аясында 700-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды. Бұл туралықалалық Полиция департаментінің Facebook-парақшасынан мәлім болды

Елордада «Тұрмыс» алдын алу шарасы аясында 700-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды

«Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға жол бермеу және криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында 2020 жылдың 20 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында елорда аумағында «Тұрмыс« алдын алу іс-шарасын өткізуде. Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тұрмыста құқықбұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеруде»,-делінген хабарламада.

Ондағы мәліметтерге сүйенсек, тәртіп сақшылары жедел алдын алу шарасы басталғалы бері 1300-ден астам іс-шара ұйымдастырып, 400-ден астам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтаған.

430-ға жуық қорғау нұсқамалары шығарылып, 700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды.