Елордада Уәлиханов көшесінде жол қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, елордада Уәлиханов көшесі мен Омаров көшесі қиылысында жол қозғалысы шектелді. Қалалық басқарманың хабарлауынша, жол қозғалысы қазан айының 8-де қайта іске қосылады, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Аталмыш жол бөлігі инженерлік жүйелерді жаңарту мен жылыту маусымына дайындық жұмыстарына байланысты жабылды.

Жолдағы кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласы ІІД ӘПБ автокөлік иелерін өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар