Елордада үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда белсенді қызмет ететін ұйымдар саны – 1885-тен 2594-ке жеткен. Осылайша қалада үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Рахманбердінің төрағалығымен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік саланы жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асырылуына байланысты онлайн режимде ашық сұхбат кездесуі өтті.

Кездесу барысында биыл белсенділіктің деңгейі екі есеге артқандығы айтылды. Мәселен, қызметін тұрақты жүргізетіндер саны – 1885-тен 2594-ке жетті. Ал белсенді ұйымдар 2019 жылдың соңында 471-ден қазірде 610-ды құрап отыр.

Кездесуде қазіргі уақытта елордалық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік гранттарды орындауда елордалық ұйымдар республика бойынша көш бастап тұрғандығы жеткізілді. 2019 жылы 28 грантты елордалық ұйымдар иеленсе, биыл олардың саны 30-ға жетті.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы арқылы біріздендіріліп келеді.


Сонымен қатар, бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қызметін цифрландыруда арнайы ұйымдарға ортақ құрылған және кері байланыс үшін арнайы www.civilcenterelorda.kz сайты қызмет етеді

Сұхбат барысында Талғат Абайұлы қоғамда әлеуметтің шиеленісін тудыратын мәселелерді шұғыл алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығы жанынан мониторинг штабын құруды ұсынды.

Коронавирус індеті кезіндегі дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігінен кейін дәріханалардағы препараттардың бағасын арнайы мониторинг тобы бақылайтын болады.


Соңғы жаңалықтар