Елордада үлкен жабық бассейн салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халық арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында белсенді жұмыстар қолға алынды.

Елордада үлкен жабық бассейн салынады

Бүгінгі таңда елордада 600 жуық түрлі спорт нысаны жұмыс істейді, деп хабарлайды astana.kz .

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының хабарлауынша, жақын арада қалалық спорт нысандарына тағы да бір жаңа сарай қосылады. Ғимараттың құрылысы басталып кетті. Спорт сарайында 50 метрлік жабық олимпиадалық бассейн мен 25 метрлік бассейн болады.

«Алау» спорт сарайы Астанада спорттың дамуына күшті ықпал етуде. Мұнда жыл сайын сырғанау маусымы ашылады. Елордалықтар кәсіби сапалы мұз айдынында коньки тебеді. «Сарыарқа» велотрегі де оқушылар мен студенттерге түрлі жеңілдіктер жасайды.