Елордада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы аптада Астанада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифигіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады
«2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді. Астанада Джеймс Клеверли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауында болады», - деді Айбек Смадияров.

Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер ұйымдастырылмақ.

«Сапар аясында Астанадағы саябақтардың бірінде II Елизавета атындағы сквердің ашылу салтанаты өтеді», - деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай елордадағы шағын саябаққа Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімін беру ұсынылған еді.