Елордада үш автокөлік соқтығысты, зардап шеккендер бар - Астана қалалық ІІД ЖПБ

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Өткен аптада, шілденің 19-ы мен 25-інде Астанада зардап шеккендері бар жол-көлік оқиғаларының аз саны тіркелді. Тек екі ЖКО, оның салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Астана қаласының Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Елордада үш автокөлік соқтығысты, зардап шеккендер бар - Астана қалалық ІІД ЖПБ

Таратып айтар болсақ, Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың салдарынан шілденің 24-інде айналма көлік жолында бірден үш автокөлік соқтығысты. Оқиға орнынан «Мерседес Бенц» автокөлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Біреуін көп ұзамай үйіне жібергенімен, екінші зардап шеккен азамат ауруханада ем қабылдауда.