15:10, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Елордада ұстаздар күніне арналған салтанатты қабылдау өтеді
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 29 қыркүйекте Астана қаласындағы «Rixos» мейманханасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың «Құрметтейік ұстазды!» атты Ұстаздар күніне арналған салтанатты қабылдауы өтеді.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты кешке республиканың мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік білім берудің, республикалық құрылымдық бөлімшелердің 300 үздік педагогтері шақырылды.