Елордада үй жануарларын тегін вакцинациялау басталды

жануар
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Елордада үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялау және гельминттерге қарсы емдеу жүргізілуде, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғындары үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялап, гельминттерге қарсы ем жүргізе алады.

Мақсат – үй жануарларын қорғау және ветеринарлық клиникаларға бару процесін жеңілдету.

Ветеринарлар үйлеріне өздері барып, ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізеді. Ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК.

Толық ақпарат алу үшін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 700 724 82 06 нөміріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар