Елордада үйдің оныншы қабатынан секірген ер адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрғын үйдің оныншы қабатынан секірген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«1957 жылғы ер адамның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның зайыбының сөзіне қарағанда, 15 сәуір күні сағат 13:48 шамасында күйеуі 10 қабаттағы пәтердің терезесінен секірген», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тексеру жүріп жатыр.