Елордада үйлену тойын өткізген мейрамхана иелері жазаланбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы карантиндік шектеулердің сақталуы тұрғысынан қаланың кәсіпкерлік объектілерін тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Елордада үйлену тойын өткізген мейрамхана иелері жазаланбақ

Есіл ауданының құқық бұзушылар тізімінде 4 мекеме бар. Оның ішінде Мәңгілік Ел даңғылындағы «Лото клуб», «La Terrazza» мейрамханасы, «The Bus» бар, «Хан Талапай» мейрамханасы бар. «Хан Талапай» мейрамханасында көп адамның қатысуымен үйлену тойы өтті.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Discrit playstation» ойын клубында және «Табу» массаж салонында карантин сақталған жоқ.

Алматы ауданының мониторингтік топтары «Шеш Беш» кафесінде, «Царская моншада», «Сова» караоке клубында шектеу шараларының бұзылуын тіркеді. Байқоңыр ауданында «Шашлыкоff» барында карантин ескерілген жоқ.

Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Еске салсақ, 20 тамызда қаланың 10 мекемесі шектеу шараларын бұзды.